×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Ел қалаларында қант қанша теңгеден сатылып жатқаны белгілі болды

20.07.2022, 13:22
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда қанттың келісі 440-тан 537 теңгеге дейін сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде қанттың бір келісінің орташа бағасы – 506 теңге. Ең қымбат қант Алматыда – 537 теңге және Қонаевта – 526 теңгеден сатылады. Ең арзаны – Петропавл мен Ақтөбеде – 442 және 440 теңге.

Қазақстан қалаларындағы қанттың құны/тг:

Нұр Сұлтан – 478
Алматы – 537
Шымкент – 489
Ақтау – 472
Ақтөбе – 440
Атырау – 512
Жезқазған – 476
Көкшетау – 504
Қарағанды – 483
Қонаев – 526
Қостанай – 480
Қызылорда – 494
Орал – 499
Өскемен – 475
Павлодар – 480
Петропавл – 442
Семей – 481
Талдықорған – 480
Тараз – 491
Түркістан – 512

Айта кетейік, бұдан бұрын ел қалаларында нан қанша теңгеден сатылып жатқанын анықтағанбыз