×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

"Қорқудың қажеті жоқ": Министр Украинадағы соғыстан соң елге ағылған шетелдіктерге қатысты ойын ашық айтты

21.07.2022, 19:32
Фото: Asia-plus

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Украинадағы соғыстан кейін Қазақстанға келген ресейліктерден қорықпауға шақырды. Бұл туралы Ақ жайық басылымына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz хабарлайды. 
 

Ресми деректер бойынша, соңғы жылдары Қазақстанда тұрақты теріс көші-қон үрдісі қалыптасты. Яғни, елге келгендерден гөрі елден көшіп кеткендер саны көп. Биылғы көктем мен жаз мезгілдерінде жағдай күрт өзгерді. Өйткені, елге Ресей мен Украинадан адамдар ағыла бастады. Олардың басым бөлігі елорда мен Алматыны бетке алған.

Тамара Дүйсенова қазақстандықтарға көрші мемлекеттен келетін адам ағынынан қорқудың қажеті жоқ деп есептейді.

«Ресейден келген әлеуетті жұмысшылар саны еңбек нарығында қиындық туғызатындай көп емес. Бұған дейін бізде шетелдік жұмыс күшіне қатысты проблема үнемі кездесті. Адамдар жұмысшыларды неге шетелден шақырасыңдар дейтін. Бірақ бізде 8,8 миллион адамның жұмыспен қамтылғанын ескерсек, ақпан-маусым айларында елімізге келген Ресей Федерациясының 26 мың азаматы айтарлықтай көп көрсеткіш емес. Бізге білікті адамдар келеді деп қорықпау керек, олар көбінесе экономиканың жоғары технологиялық секторларына келеді: бұл технология мен білім трансферті, - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетелік, бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдап, оған әлеуметтік еңбек саласындағы басты проблемаларды шешуді тапсырған болатын.