×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

30-дан астам адамның өмірін қиған ресейлік сусын Қазақстанда сатылмайтын болды

07.06.2023, 15:37
фото: ашық дереккөзден

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ресейде 30-дан аса адамның өліміне себепші болған сусын біздің елде сатылымнан алынғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы бірнеше күн бойы Ресейдің Самара қаласында орналасқан «АНДИ» жауапкершілігі шектеулі қоғамы өндіретін «Мистер Сидр» деп аталатын алкоголі аз сусынды тұтынғандар жаппай уланды. Аталған ішімдіктен уланып, көз жұмғандар саны 32-ге жетті. Ресейлік дәрігерлердің дерегінше, 90 адам  ауруханада жатыр, оның отызының жағдайы өте ауыр.

Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар ету және мән-жай анықталғанға дейін аталған өнімді сатылымнан уақытша алып тастау қажеттігін айтып, аумақтық департаменттерге тапсырма берді.

Комитет істің егжей-тегжейі анықталғанға дейін жоғарыда аталған өнімді пайдаланудан бас тартуға және мұндай өнім сатылып жатса, ол жайлы комитетке немесе объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабарлауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары