×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

ВИЧ-пен ауыратындарға да бала асырап алу құқығы берілмек

22.07.2022, 17:21
фото: ашық дереккөзден

Елімізде инфекциялық ауруы бар азаматтарға да бала асырап алуға рұқсат берілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген бұйрық «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесінен адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) алып тастау көзделген, - делінген  құжатта.

Салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 79-бабы 5-тармағына сәйкес, АИТВ инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде бала асырап алуға құқығы бар.