×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Апелляциялық сот Astana LRT соты бойынша үкімнің күшін жойды

07.10.2021, 09:56
Апелляциялық сот Astana LRT соты бойынша үкімнің күшін жойды
Фото: Ашық дереккөздерден

Сот істі поркуратураға қайтарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қалалық соты судья Мекемтастың «ЛРТ» ісі бойынша ісін бас прокуратураға кері қайтарды. Бұл жеңіс!» - деп жазды аталған іс бойынша сотталушылардың бірінің адвокаты Жохар Өтебеков фейсбуктегі парақшасында.

Оның хабарлауынша, судья Көкжаловтың пікірінше, Мекемтасқа дәл осылай істі селқос қарамау керек болатын.

«Сотталған 7 адамның бәрі әзірге уақытша изоляторда қалды. Бірақ олардың әділетті шешімге деген сенімі пайда болды. Прокуратура мен антикорға өз кемшілігі үшін жауап беруіне тура келеді. Енді Астана әкімінің бұрынғы орынбасарын Манхэттеннен экстрадациялауды күтеміз. Оған қоса ЛРТ бойынша 257 млн доллардың қайда кеткенін прокуратурадан сұраймыз. Біздің істе ол ақша туралы мүлде сөз жоқ», - дейді ол.