×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған

15.06.2023, 08:52
Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған
фото: ашық дереккөзден

«Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше,  2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.

“Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Qnet LTD қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы жазадан құтылып кеткен болатын.