×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Қанттың қымбаттауы нан бағасына әсер ете ме?

28.07.2022, 08:02
Фото: Ашық дереккөз

Қант бағасының қымбаттауы нан бағасына әсер етпейді. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz. 

Өнімнің өзіндік құнының 65-70 процентін ұн құрайды. Ал мемлекет әлеуметтік нанның қолжетімді болуын қамтып отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаевтың айтуынша, қалыпта пісетін кәдімгі нанға қант қосылмайды.

“Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, АКК ұлттық компаниясы ұн тарту кәсіпорындары үшін арзатылған бидайды 90 мың теңгеден сатуды жүзеге асыруда. Барлығы 275 мың тонна бидай бөлу жоспарланған. Көрсетілген шара, әсіресе әлеуметтік нан бағасын 90 теңге деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы  Дамир Егізбаев.