Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын танзаниялық Абдулразак Гурна алды.
Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Ұлыбританияда тұратын танзаниялық Абдулразак Гурна атанды. Бұл туралы Нобель комитеті хабарлады.
Нобель комитеті оның еңбегін "отаршылдық пен босқын тағдырын мәдениеттер мен континенттер арасындағы алшақтықты көрсете отырып берген сөзсіз жанашырлықтан туған зерттеу"деп атап өтті.
Гурна 1948 жылы Занзибар аралында араб тектес мұсылмандар отбасында дүниеге келген. 1968 жылы Ұлыбританияға көшіп, Кент университетінде докторлық дәрежесін қорғады.
Гурна қазіргі постколониалды жазушылар туралы зерттеулердің авторы (Видиадхара Суражпрасад Наипаула, Салман Рушди, Зои Уикомбе).
Нобель апталығы 4 қазанда басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. Ең беделді халықаралық марапаттардың лауреаттары Стокгольм мен Ослода жарияланады.
Нобель сыйлығы медицина, физика, химия, экономика, әдебиет және қоғамдық қызмет саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Лауреаттар диплом, алтын медаль және 2021 жылы он миллион швед кроны ақшалай сыйлыққа (шамамен 1,2 миллион доллар) ие болады.