×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Air Astana жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 9 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

29.07.2022, 11:23
фото: ашық дереккөзден

«Эйр Астана» компаниялар тобына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі таңда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесіп рейстердің көптеген кідірістері мен жолаушылардың шағымдарына байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында 5 маусымда «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысының Алматы-Шымкент бағыты бойынша «КС – 7105» рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені белгілі болды. Ол рейс жолаушыларына ұшақтың көтерілуін күткен уақытта «ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда қонақ үй ұсынылмаған», - деп жазылған ресми мәліметте.

Осы оқиғаға байланысты 28 шілдеде әуе компаниясының үстінен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалған.

«Осы хаттама бойынша әуе компаниясына 1 000 АЕК (3 180 000 теңге – ред.) мөлшерінде айыппұл салынды. Бұған дейін «Эйр Астана» компаниялар тобы 7 және 21 шілдеде 1 000 АЕК (3 180 000 теңге – ред) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Жалпы алғанда, биыл «Эйр Астана» компаниялар тобы рейс кешіктірілген кезде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 9 189 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Комитеттің дерегі бойынша, рейстердің кешігуіне және жолаушылар құқығының бұзылуына байланысты тергеу жалғасып жатыр.