×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Елімізде қанша ер адам декреттік демалысқа шыққаны айтылды

29.07.2022, 13:05
фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы елімізде 3,5 мыңға жуық ер адамға 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемелдің сөзінше, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына, яғни бала күтімімен айналысатын ата-анаға әлеуметтік төлем тағайындалады. Ол әкесі немесе анасы болуы мүмкін. Мұны ата-аналар өздері ақылдасып шешеді. 

Былтыр 385 мың отбасыға 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның 3,5 мыңға жуығы ер адамдар. Олар бала күтімімен айналысамын, табысымнан айырылдым, 1 жыл бала қараймын, тиісті демалысымды рәсімдеймін деп шешім қабылдады. Біз оларға шектеу қойған жоқпыз. Оған дәлел ретінде былтыр әкелерге тайындалған 3 мыңнан аса әлеуметтік төлемді айтуға болады. 2021 жылы оның орташа мөлшері 38 мың теңге болды, - деді Н.Кемел.

Қор басшысының айтуынша, биыл 6 айда бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шыққан 60 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік төлем тағайындалған. Биыл төлемнің орташа мөлшері – 46 мың теңге.