×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қорғаныс министрінің отставкаға кетуін талап еткен петиция жарияланды

31.07.2022, 13:23
Ulysmedia.kz

Қазақстандықтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатуды талап еткен петиция жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Руслан Жақсылықов министр болғалы бұқаралық ақпарат құралдарының беті жас сарбаздардың қазасы туралы тақырыпқа толып қалды. Сонымен қатар қазақ армиясында бейберекеттік болып жатыр. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді», - делінген петицияда.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Мамыр айында генерал-полковник шеніне дейін көтерілді.

Еске салсақ, 23 сәуірде әскерге шақырылған сарбаз Әлібек Қалбай Жамбыл облысы Гвардейский кентіндегі әскери бөлімде қызмет басталғанына төрт күннен кейін қайтыс болды. Сарбаздың туыстарының айтуынша, 18 жастағы жігітті соққыға жыққан. Әлібектің бүкіл денесі көгеріп кеткен.

4 маусым күні Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери  қызмет атқарған тағы бір сарбаз қайтыс болды. Таңғы сағат 5-тер шамасында мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Тешебаев Еділ Бақытұлы (20.03.2003)"асылып қалған".

9 шілдеде Елорда маңында өткен әскери жаттығу кезінде "Айбын" президенттік полкінде сарбаз Дархан Мәлік қайтыс болды. Полк басшылығының айтуынша, сарбаздар өзара әзілдесіп, ойнап, әріптесі қауіпсіздікті сақтамай тапаншамен атып тастаған. Бірақ Дархан Мәліктің жақындары бөлім басшылығы айтып отырған өлім себебіне сенбейді.

29 шілде күні Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі автопарктің қоймасында асылып қалған.

30 шідеде аға сержант Мерғалиев өз-өзіне қол жұмсаған.