×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада көліктік бақылау инспекциясының басшысы 10 жылға сотталды

21.06.2023, 09:44
Астанада көліктік бақылау инспекциясының басшысы 10 жылға сотталды
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді.

Сондай-ақ, сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенділері сотталған.