×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы тағайындалды

02.08.2022, 11:23
Фото: ҚР Бас прокуратурасының ресми сайты

Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

Сағиев Е.Ә. еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.

Тергеу жұмысында тәжірибесі мол. Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.