×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

"Алматы" телеарнасы еліміздің барлық аумағынан көрсетіле бастайды

04.08.2022, 18:35
Фото: Ашық дереккөз


«Алматы» телеарнасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілуге міндетті арналар тізімінде 10-шы батырманы алды. 4 тамыздан бастап Almaty TV еліміздің барлық аймағында көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Телеарна 1999 жылдан бері істеп келеді. Арна еліміздің барлық өңіріне хабар таратты. Көрерменіне ақпараттық, сараптама, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларын, көркем және деректі фильмдерді, сондай-ақ арна түсірген сериалдарды ұсынды.

«Алматы» телеарнасы интернет-платформалар арқылы да өз контентін белсенді насихаттайды. Тек бір ғана YouTube-тегі Almaty TV арнасына миллионға жуық көрермен жазылған.

Рейтингтерге сәйкес, Almaty TV тек қала тұрғындары ғана емес, еліміздің барлық өңірінен келген көрерменнің көңілінен шығады. Олардың сұранысын қанағаттандыра отырып, телеарна эфир кестесін оңтайландырып, жаңа бағдарламалар мен жобаларды түсіріп, көрермен қатарын көбейтуді жалғастырып келеді.