×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Азия чемпионаты: Қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды

04.08.2022, 19:29
Фото: Сали Сабиров

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия біріншілігінің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды. 

48 келідегі Абиба Әбужақынова финалда жапондық спортшыға есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

60 келіде қола жүлде үшін белдескен Мағжан Шамшадин моңғолиялық қарсыласын “иппон” ұпйымен жеңіп, үздік үштікке енді. 

Сондай-ақ, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев кіші финалда қырғызстандық Айбек Қуанышбековпен кездесуі тиіс болатын. Алайда, қарсыласы татамиге шықпай, қола медаль Қырғызбаевқа берілді. 

Азия чемпионаты 7 тамызда аяқталады.