×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

"СҚ Фармация" басшысының бір айлық жалақысы қанша

05.08.2022, 22:30
Фото: Ашық дереккөз

Елімізді дәрі-дәрмекпен қамтитын «СҚ-Фармация» бастығы Ерхат Есқалиев бір айлық табысын айтты. Орталық коммуникация қызметі алаңында жалақысын жария еткен басшының еңбекақысы былтырдан бері өскен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz

Есқалиев бір айлық табысы 1 миллион 404 мың екенін мәлімдеген. 

«СҚ-Фармация» серіктестігінің басшылығы ел алдына көп шыға бермейді. Дәрі-дәрмек ташылығы сезіліп бағасы өссе де бірыңғай дистрибьютордың онымен шаруасы жоқ. Соның өзінде алатын жалақысы Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен едәуір жоғары.

Мәселен, мекеме басшысының айлығы 40 есе көп. 2021 жылы дәл осындай брифингте Ерхат Есқалиев журналистерге жалақысы бір миллион 300 мың деп айтқан. Бір жылда 104 мың теңгеге табысы артқан «СҚ-Фармация» төрағасының бұл қызметте отырғанына екі жыл болды.

Ол коронавирус пандемиясында президент сынына ұшырап, кейін істі болған Берік Шәріптің орнына келген еді.