×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпы есебі 8 медаль жеңіп алды

07.08.2022, 10:05
Фото: Ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионатының жекелей сын бәсекелері аяқталып, Қазақстан жалпы есепте 4-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Қазақстан құрамасының еншісінде 8 медаль бар. Сары құрлық сынында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алды. Жарыс нәтижесі бойынша біздің команда жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. 

Ұлттық құрама сапында Данияр Шамшаев (73 келі) турнирде топ жарса,  Ислам Бозбаев (100 келі) пен Абиба Абужақынова (48 келі) ақтық сында сүрініп, күмісті қанағат тұтты. 

Сондай-ақ Нұрлыхан Шархан (100 келі), Дидар Хамза (90 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола жүлдегер атанды. 

Жалпыкомандалық есепте Жапония 12 (9-3-0) медальмен бірінші орын иеленді. Екінші орында Моңғолия 7 (2-0-5), үшінші сатыда Өзбекстан 9 (1-2-6) құрамалары орналасқан. 

Бүгін қазақстандықтар командалық жарыста сынға түседі. Алғашқы қарсылас – Жапония құрамасы.