×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Асқар Маминнің авторлығындағы құжаттардың басым бөлігі "Ашық НҚА" порталынан жоғалып кетті

09.08.2022, 10:25
Фото: Ашық дереккөздерден

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мәмин авторы болып саналатын құжаттар жобалары "Ашық НҚА" мемлекеттік порталынан жоғалып кетті. Порталда тек қана 2016 жылғы бір құжат сақталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Егер іздеу жолына “Мамин” деп жазса, 2016 жылғы  бір ғана құжат шығады. Өзге нормативті актілер қолжетімсіз. Мұның себебі белгісіз. 

Айта кету керек, порталдан ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың құжаттары да жоғалып кеткен. 

Еске салсақ, Асқар Мәмин премьер-министрліктен қаңтар оқиғасынан кейін кеткен.