×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Рекорд: Қазақстан оқушылары Халықаралық Олимпиададан 27 медаль жеңіп алған

15.08.2022, 10:40
Фото: Ашық дереккөз


Қазақстандық студенттер информатикадан Индонезияда өткен Халықаралық Олимпиадада екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz

Министрдің айтуынша, аталған Олимпиадаға қатысқан төрт оқушының төртеуі де жүлдемен оралған. 

«Әлемнің 90 елінен келген 350 қатысушының арасынан төрт оқушымыз де медальға қол жеткізді. Оралдық Жамбыл Мақсотов пен Мұхаммадариф Сахмолдин күміс медаль иеленсе, алматылықтар Ван Ли мен Таймас Қорғанбаевтың еншісінде қола медаль бар. Осылайша, биыл қазақстандық студенттердің ірі халықаралық олимпиада жеңіп алған жүлделерінің саны 27-ге жетті. Оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола бар. Бұл рекордты көрсеткіш», - деп жазды министр Аймағамбетов. 

Биылдан бастап Президент қолдауымен халықаралық Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 4,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. Сонымен қатар, ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-ға грантқа түсуге мүмкіндік болады.