×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда 70 мың теңгеге 1 ай өмір сүруге бола ма – вице-министрдің жауабы

14.07.2023, 17:21
Қазақстанда 70 мың теңгеге 1 ай өмір сүруге бола ма – вице-министрдің жауабы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Елімізде 70 мың теңгеге 1 ай өмір сүру мүмкін бе? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бұл сұрақтың жауабын білмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баспасөз мәслихатында Ulysmedia тілшісі Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтан еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерінің қаншалықты ақылға қонымды екенін, бұл соманы 1 айға жеткізу мүмкін бе деп сұрады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша вице-министр бұл сұраққа өзі жауап беруден бас тартып, баспасөз қызметіне хабарласуды өтінді.

- Сіздің сұрағыңыз бүгінгі брифингтен тыс. Егер сіз біздің баспасөз қызметіне ресми түрде хабарлассаңыз, олар ең төменгі жалақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толығырақ ақпарат бере алады деп ойлаймын, – деді ол.

Сондай-ақ, ол министрлікте ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы жұмыс істейтінін айтты.

- Менің ойымша, қандай да бір аралық нәтижелер болған соң, біз бұл туралы міндетті түрде айта аламыз, - деп уәде берді Ордабаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда ең көп таралған жалақы 2022 жылы 68 мың теңгені құрады.

Жуырда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 9,6% өскен.