×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Қазақстанға Қытай басшысы Си Цзиньпин келеді - СІМ

05.09.2022, 16:16
Фото: Ашық дереккөз

Қытай халық республикасының басшысы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қытай көшбасшысы Қазақстан астанасына 14 қыркүйек күні табан тіремек. Сапардың мақсаты – екі ел арасындағы әріптестікті нығайту. 

«Кездесу аясында екі ел басшыларының қатысуымен екіжақты келісімдер жасау жоспарлануда. Сондай-ақ, түрлі саладағы әріптестікке қатысты екіжақты құжаттарға қол қойылады», - деп мәлімдеді СІМ өкілі. 

Айта кетелік, 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің Съезді өтеді. Алайда, қытайлық басшының жиынға қатысатыны туралы ақпарат тараған жоқ.