×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев Ақсақалдар кеңесінің басшылығына Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды

12.10.2021, 11:43
Тоқаев Ақсақалдар кеңесінің басшылығына Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін Нұр-Сұлтанда АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Қазақстан тарапы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) жанындағы Ақсақалдар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбі күні елдер АӨСШК жанындағы консультативтік – кеңесші орган - Ақсақалдар кеңесі туралы ережені қабылдауы тиіс.

«Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттар ұсына бастады. Бүгін біз Ақсақалдар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Ақсақалдар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды», – деді кездесуге қатысушыларға Рахметуллин.

Азиядағы өзара іс – қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес - бұл Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум. Форум 1992 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған. Бүгінгі күні Азияның 27 мемлекеті АӨСШК мүшесі, тағы тоғыз ел және бес халықаралық ұйым форумға байқаушы ретінде кіреді.