×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Қаңтар оқиғасынан кейін соқыр болып қалған ер адам ақталып шықты

21.09.2022, 13:30
Фото: Ашық дереккөз

5 қаңтар күні Алматыда наразылыққа қатысып, кейін көзі көрмей қалған Ермек Әбдірешов кінәсіз деп танылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды. 

Алматы прокуратурасы оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты.

Еске сала кетейік, 37 жастағы Ермек Әбдірешов қаңтар оқиғасынан кейін соқыр боп қалған болатын. Оның бір көзі наразылық кезінже резеңке оқ тиген соң көрмей қалды. Ал екінші көзі тергеу изоляторындағы азаптаудан кейін нашарлаған.

Бір көзі митингтің қызып тұрған шағында көрмей қалды — ер адамның бетіне резеңке оқ тиеді. Екіншісі — тергеу изоляторындағы азаптаудан кейін.

Ермектің отбасы оның тергеу изоляторында отырғанын тек 19 қаңтарда ғана білген. Туыстары шу көтеріп, Ермекті тергеу изоляторынан алып шығады. Кейін Алматы тұрғынын іс бойынша жәбірленуші деп таныды.