×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Тоқаевтың тапсырмасын орындаған Досаев орынбасарын жұмысынан босатты

22.09.2022, 14:25
Фото: Ашық дереккөз

Мұхит Әзірбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының биылғы наурыздағы Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес және Үкімет қаулысына сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында 21 қыркүйектен бастап 2022 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды. 

Мұхит Әзірбаев 2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, құрылыс және энергетика мәселелеріне жетекшілік етті.