×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

ОСК президенттікке кандидаттарға арналған кей рәсімдер уақытын қысқартты

26.09.2022, 18:37
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы кейбір рәсімдердің уақытын қысқартқанын хабарлады, Ulysmedia.kz.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия "Сайлау туралы" заңның құқығын пайдалану жөнінде шешім қабылдағанын, онда рәсімдердің мерзімін қысқарту мүмкіндігі көрсетілгенін хабарлады.

"Сайлау заңнамасының негізінде біз президенттікке кандидаттарға қол қою парағын беру мерзімін екі есеге яғни 5 күннен 2 күнге дейін қысқарттық. Сондай-ақ үміткерлер жинаған қолдың дұрыстығын тексеру мерзімі 10-нан 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. Осылайша, рәсімдерге бөлінген мерзімдерді қысқарту есебінен кандиттарға қол жинауға көбірек уақыт берілді", – дейді Нұрлан Әбдіров.

Президенттікке кандидатты кемінде 2-3 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада тең дәрежеде жалпы сайлаушылардың бір пайызынан кем емес адам қолдауы керек, деп еске салды ОСК.

Қазақстандағы сайлаушылардың жалпы саны – 11,8 млн-нан астам адам екенін ескерсек, кандидат кем дегенде 118 273 қол жинауы керек.