×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесінде бір-ақ күн демалатын болды

28.09.2022, 17:46
Фото: Ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне неше күн демалыс берілектініне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасаған Ulysmedia.kz хабарлайды. 

«Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Ешқандай демалыс күндері ауыстырылмайды», - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін 25 қазан – Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады деп хабарланған болатын. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда. Осылайша, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.

«Бұл әзірге қаулы жобасы ғана, әлі ешнәрсе нақтыланбаған. Бұл құжат Ашық Үкімет сайтында 10 күн болуы керек, 10 күннен кейін күшіне енеді. Әзірге, Премьер-Министр бұл құжатқа қол қойған жоқ», - дейді министрліктің баспасөз қызметі.