×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

«Қазақтарға рақмет»: Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің алдына орыстар гүл әкелуде

29.09.2022, 11:35
Фото: Azattyq Ruhy

Instagram әлеуметтік желісіндегі ZTB.kz парақшасында Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің алдына ресейліктер гүл шоқтарын әкеп жатқанын көрсеткен видео жария етілді. Олар мобилизация салдарынан елге ағылған ресейліктерге көмек көрсеткен қазақстандықтарға алғыс хат жазып қалдырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео авторының айтуынша, бұл Британиядағы ресейліктердің әрекеті екен. Олар мобилизацияға байланысты Қазақстанға ағылған РФ азаматтарын құшақ жая қарсы алған қазақтарға алғыс білдіріп жатқан көрінеді.

Айта кетейік, РФ президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте елде ішінара мобилизация жариялап, ер азаматтарды әскерге, одан әрі Украинада болып жатқан соғысқа тартуды бұйырды. Соғысуды қаламаған ресейліктер сол уақыттан бері жаппай Қазақстан мен Грузияға ағылып жатыр.

Қазақстанға келген Ресей азаматтарына жергілікті тұрғындар жан-жақты көмектесуде.