×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Финляндия Ресей азаматтарының елге кіруіне тыйым салады

29.09.2022, 17:38
Фото: Ашық дереккөз

Финляндия билігі Ресеймен арадағы шекараны жабады. Нақтылап айтар болсақ, ресейлік азаматтардың туристік визамен кіруіне рұқсат етілмейді, деп жазады Ulysmedia.kz

Фин басылымдарының хабарлауынша, сыртқы істер министрі Пекка Хаависто ресейлік туристердің кіруіне билік мақсатты түрді шектеу қоятынын мәлімдеген. 

Шектеулер алдағы жұмадан бастап күшіне енеді. 

Мемлекеттік кеңес ресейлік туристердің елге көптеп келуі Финляндияның халықаралық қатынастарын қиындатады деген шешімге келген. 

Алайда, гуманитарлық себептер бойынша ресейліктердің елге келуіне мүмкіндіктер бар. Мәселен, отбасылық жағдай, оқу, ем алу және жұмыс істеуге келушілерге тыйым салынбайды.