×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Сыртқы істер министрлігі Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты не айтты

03.10.2022, 18:45
gov.kz

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатыспайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына сүйенеді.

"Жалпы алғанда, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық мойындалған аумақтарымен нақты белгіленген және осы аумақтар аясында ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей-Украина қақтығысы аймағында қатысуы мәселесі күн тәртібінде жоқ", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 24 ақпанында Владимир Путин Украина жерінде арнайы операция басталғанын мәлімдеді. Ал 21 қыркүйек күні Ресей президенті ішінара мобилизация жариялап, Украинамен ашық түрде соғысатынын айтты.