×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Көршілермен әрдайым келісімге келу керек – Тоқаев су тапшылығы жайлы

01.09.2023, 10:57
фото: ашық дереккөзден

Халыққа Жолдауында президент Тоқаев елдегі су тапшылығы мәселесін де елеусіз қалдырған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін», – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстан трансшекаралық су көздеріне тәуелді екенін атап өтті.

«Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер», – деді президент.

Айта кетейік, еліміздің оңтүстік өңірлері іс жүзінде көршілес елдің ресурстарына – Қырғызстаннан бастау алатын Шу және Талас өзендеріне тәуелді. Аймаққа барлық суармалы судың 85%-ы көршіден келеді.

Бұдан бұрын Жамбыл облысында трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуіне байланысты пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұрғаны хабарланған.

Жамбылдық фермерлер көршілерді трансшекаралық өзенде су қоймаларын салды деп айыптап, дабыл қақты. Екіжақты кездесу өткенмен, тамыз айында су тапшылығы мәселесі шешіле қоймады. Қазақстандық фермерлердің наразылығына жауап ретінде қырғыз тарапы: «Қазақстанға су жеткізуде қиын жағдай туындады, қырғыз билігі өз ауылдары үшін суды үнемдеуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Қазақстанға су беруді тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп жауап берді.

Экология министрі қырғызстандық шенеуніктердің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, су тапшылығына байланысты Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.

 

Серіктес жаңалықтары