×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Air Astana мен QazaqGaz халықтық ІРО-ға шығарылады

01.09.2023, 11:02
Air Astana мен QazaqGaz халықтық ІРО-ға шығарылады
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. «QazaqGaz» кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс», – деді Тоқаев жолдауында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер үкімет кулуарында еншілес компания FlyArystan-ның бөлінуі туралы пікір білдірген.