×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев Бозымбаевты жаңа қызметке тағайындады

04.09.2023, 10:57
Тоқаев Бозымбаевты жаңа қызметке тағайындады
Ақорда

Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

 

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

- 1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;

- 1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті;

- 1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры;

- 1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;

- 2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

- 2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы;

- 2008 жылдан – «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті;

- 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі;

- 2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

- 2016-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрі;

- 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

- 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарды.