×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Марат Құсайынов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.09.2021, 15:22
Марат Құсайынов

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып генерал-лейтенант Марат Рақымұлы Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарының тағайындалғаны туралы Ақордадан хабарланды.

Айта кетсек, таяуда ғана Мұрат Бектанов мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылып, министр болып тағайындалған еді. Ал Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары