×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Азиада-2023: Ел қоржынына жетінші алтын түсті

05.10.2023, 14:43
Спорт және туризм министрлігі

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда БАӘ келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді.

Бұл – Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.

"Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін көптеген адамдарды таң қалдырды және ерекше қуантты. Жасына қарамастан, біздің спортшымыз керемет шеберлік пен жеңіске деген сенімділік көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін", - деп атап өтті ҚР Спорт туризм министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Азия ойындарында қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров алтын медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында ел қоржынына алтын салды.

Серіктес жаңалықтары