Батыс Қазақстан облысының тұрғынына ұлы түнде көшеге шыққаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Бұл бала тәртіп сақшыларының назарына бірінші рет ілігіп отырған жоқ.
Казталов аудандық соты жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Кәмелетке толмаған ұлы түнде екінші рет үйінен кетіп қалған.
Полиция 17 жастағы жасөспірімнің Жалпақтал ауылындағы Ақсикова көшесінде сағат 23:00-ден кейін жүргенін анықтады.
Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы» бойынша кінәлі деп таныды. Оған 16 905 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.