×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

АҚШ Украинаға тағы 4,5 млрд доллар бөледі

23.11.2022, 09:02
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, қаржы таяу аптада бөліне бастайды. Бұл қаржы украин үкіметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметті қолдау үшін, сонымен бірге Ресейден қорғануға көмектеседі.

"Бұл қаржы Путиннің негізсіз шабуыл жасауына көрсетілген қарсылық ретінде есептеледі", - деді Йеллен.

Министр басқа донорлорды да Украинаға көмекті көбейтуге және тездетуге шақырды.

Айта кетсек, АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Киевке 20 млрд-тан астам долларға әскери көмек, экономиканы қалпына келтіруге 13 млрд және 10 млрд доллар гуманитарлық жәрдем берді.

Бұдан бөлек Байден Конгресстен Украинаны қосымша қаржыландыруға тағы 37,7 млрд доллар бөлуді өтінген.