×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Бас шұлғыған қуыршақтардың мәлімдемесі Ресейдің ресми ұстанымы емес – СІМ Соловьёвтің шоуы жайлы

23.11.2022, 12:21
фото: ашық дереккөзден

СІМ басшысының орынбасары Роман Василенко Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атаған ресейлік телеарнаның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер Василенкодан “Елімізде қандай да бір “ұлтшылдық процестерге” тап болдыңыз ба?” деп сұрады.

“Мен ешқандай ұлтшылдық процестерге тап болған емеспін. Өйткені Қазақстанда ондай атымен жоқ. Ал ресейлік телеарнадағы мәлімдемеге келсек, президент те, СІМ басшысы да, депутаттар да бұған дейін түрлі бас шұлғыған қуыршақтардың шулы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірген. Олар біріншіден, Ресей Федерациясының ресми ұстанымын білдірмейді. Екіншіден, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасқа залалын тигізеді. Мұндай мәлімдемелерге Ресей билігі тарапынан тиісті шара қолданылуы керек”, – деп жауап берді СІМ басшысының орынбасары.

Еске салайық, Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Қазақстанды "Украинадан кейінгі  проблема" деп атады.