×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Кінәсі дәлелденсе, Миттал қылмыстық жауапкершілікке тартылады – министр

23.11.2022, 15:25
фото: ашық дереккөзден

Құқық қорғау органдары "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды кінәсі анықталған жағдайда жауапкершілікке тартуға құқылы. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біз комиссияның қорытындысын құқық қорғау органдарына береміз және қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қандай лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны шешілетін болады. Бүгінгі таңда тізімдерде өндірістің жұмыс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапты шетелдік азаматтар бар. Егер тікелей басшы ретінде Миттал туралы айтатын болсақ, тергеу барысында бұл оның жеке нұсқауы екені немесе осындай қайғылы салдарға әкеп соқтырған басқа да алғышарттар бары анықталса, сәйкесінше тергеу органдары қылмыстық іс қозғауға және жауапқа тартуға құқылы",  – деді Ильин баспасөз мәслихатында журналистің сұрағына.

Айта кетейік, Ленин атындағы шахтадағы апатты тексерген комиссия кеншілердің өлімі 100% жұмыс берушінің кінәсінен болғанын анықтады.

Еске салсақ,  жуырда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты

Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының  сақталуына мән беруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасынан кейін  сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын әзірледі.