×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Қазақстанда Парламент сайлауы қашан өтеді

23.11.2022, 16:06
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов елімізде Парламент сайлауы қашан өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Көп ұзамай президент өзі хабарлайды. Әрине, сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент қашан сайлауды жариялайтынын күту керек", - деді Қошанов журналистерге.

Мәжіліс төрағасының сөзінше, Үкімет құрамының қалай жасақталатынын Тоқаев шешеді.

"Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады. Ауысқанда, жаңа құрам жасақталады. Осы Үкімет қала ма немесе жаңа Үкімет бола ма, ол жағын Президент шешеді", - деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, 20 қарашада өткен президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқының 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті. Ол Қазақстанды алдағы 7 жыл бойы басқармақ.