×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Пациенті өлтірген алматылық дәрігердің әйелі 105 млн теңге өтемақы талап етті

23.11.2022, 16:30
фото: ашық дереккөзден

Пациентінің қолынан өлген дәрігер Юрий Шумковтың әйелі Әсел Исабекова сотта күйеуінің өлімі үшін қомақты өтемақы талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Еуразия" бірінші арнасының хабарлауынша, іс Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында қарала бастады.

Сотталушы сотқа тергеу изоляторынан онлайн режимде қатысты. Ол мұны денсаулығының нашарлығымен байланыстырды. Ол өз кінәсін ішінара мойындады.

Юрий Шумковтың жесірі Әсел Исабекова сотқа шағым түсірді.

"Осы - кісі өлтірушінің ең әділ, адал, ең жоғарғы жазасы. Кісі өлтірген адамды қалай кешіресің?", - деді Әсел Исабекова.

Әйел сонымен қатар, 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді және жерлеу мен адвокат жалдауға кеткен шығынды өтеуді талап етіп отыр. Ол тағы 5 миллион.

Еске салсақ, биылғы 4 сәуірде Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған. Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.

2 қарашада Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сот қарауына берілгенін хабарлағанбыз.