×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Біз Ресейден қорықпаймыз – Қошанов

23.11.2022, 16:41
фото: ашық дереккөзден

Мәжілістің кулуарында журналистер Қазақстанда Ресей билігіне қарсы пікір білдірген адамдардың жауапқа тартылатынын алға тартып, палата спикері Ерлан Қошановтан ойына не келсе соны айтатын ресейліктердің неге жазаланбайтынын сұрады. Тілшілер сұрақты "Біз Ресей тәуелдіміз бе? Олардан қорқамыз ба?» деп төтесінен қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз Ресейге тәуелді емеспіз. Ресейден қорықпаймыз. Біз терезесі тең, егеменді мемлекетпіз. Біріншіден, барлық мәселе заң аясында жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстанға қарсы сөз айтқан Ресей азаматы немесе басқа ел азаматтарының пікіріне қатысты Президенттен бастап, депутаттар, Сыртқы істер министрлігі өз жауабын беріп жүр. Оны сіздер естідіңіздер», - деді  Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошановтың сөзінше, телеарналардан айтылып жүрген, кейбір журналистердің айтып жүргені пікірлері Ресейдің ресми ұстанымы мен ресми мәлімдемесі емес.

«Бұл – жекелеген азаматтарының жауапкершілігі және пікірі. Оларға жауапты Президент те, Сыртқы істер министрлігі де, депутаттар да беріп жүр. Егер ол жерде біздің тарапымызға деген заң бұзу  болса, онда біздің Бас прокуратура арқылы Ресейдің бас прокуратурасына талаптар жолданады»,  –  деді ол.

Еске сала кетейік,  Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Қазақстанды "Украинадан кейінгі  проблема" деп атады.