×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

"Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан": Даулы мәлімдемеге Кремль қалай жауап берді

24.11.2022, 08:52
фото: ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы "Россия-1" телеарнасында көрсетілген бір топ саясаттанушының Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Оларды тыңдаудың, көрудің қажеті жоқ. Бұл саясаттанушылардың пікірі  үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. », - деді Дмитрий Песков.

Еске салсақ, Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында саясаттанушы Дмитрий Дробницкий "Ресейдің келесі проблемасы Қазақстан болады" деп мәлімдеді.

"Онда да Украинадағыдай "ұлтшылдық процестер" басталуы мүмкін. Қазақстанда ресейліктер көп, шекарамыз ең ұзын және біздің "Росатом" үшін ядролық отын да сонда", — деді ол.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көп ұзамай бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген болатын. СІМ басшысының орынбасары мұндай мәлімдемелерге Ресей билігі тарапынан тиісті шара қолданылуы керегін айтты.