×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

«Соловьевтің улы сілекейі»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей сарапшыларына жауап берді

24.11.2022, 10:25
Коллаж: ulysmedia.kz.

Парламет Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресейдің телеарнасында Соловьев жүргізген бағдарламадағы ресейлік сарапшылардың сөздеріне жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соловьевтің улы сілекейі

«Соловьев әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан нон грат алған адам болатын және қазір бүкіл жердегі санкциялық қара тізімдерді көш бастап келеді. Сондықтан ыза-кектің буынан ол елдің бәріне жармасып улы сілекейін шашып жүр. Бұрын «Россия 1» бірінші арнасында ол Алматыға бомбаларды «тастап жіберу» туралы да айтқан болатын. Бағдарламаның қонағы – Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да одан қатты шошынып қалған еді. Баршаға деген жек көрушілік кесірінен ол көбінесе өзеуреп өзі сөйлейді және бағдарламаның меймандарын жанжал мен арандатуға итермелейді. Және оның бәрі тікелей эфирде және есуас кейпінде болады», - дейді сенатор,

Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені ұлтшылдық үрдістері сол жерде де басталуы ықтимал» деген сөзінен сенаторр біздің елімізге тікелей қатер төндіру анық байқалып отырғанын ескертеді.

«Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бізбен бірге тұрған өзімізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшы-фантаст Дробницкий-Жуковтың пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресей Федерациясының федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық. Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет болып келеді. Соловьев пен сол секілді саясаткерлер шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси ақиқатпен санасуды үйренетін уақыт келді», - дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Еске салсақ, Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында саясаттанушы Дмитрий Дробницкий "Ресейдің келесі проблемасы Қазақстан болады" деп мәлімдеді.

"Онда да Украинадағыдай "ұлтшылдық процестер" басталуы мүмкін. Қазақстанда ресейліктер көп, шекарамыз ең ұзын және біздің "Росатом" үшін ядролық отын да сонда", — деді ол.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көп ұзамай бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген болатын. СІМ басшысының орынбасары мұндай мәлімдемелерге Ресей билігі тарапынан тиісті шара қолданылуы керегін айтты.