×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Сүт өнімдерінің күрт қымбаттауына не себеп – министрлік түсіндірді

24.11.2022, 11:45
фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда сүт пен сүт өнімдері бағасының көтерілу себебін түсіндірді, деп Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шамамен 5,5 млн тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1% артық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 млн тоннаны құрады, бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3% -ға артық.

«Соңғы екі жылда өңделген сүттің өзіндік құнының орташа есеппен 50 теңгеге, 2022 жылғы қарашада 197-200 теңгеге дейін өсуі байқалады. Кәсіпорындардағы сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті», - делінген ведомство хабарламасында.

Қараша айында қымбаттаудың негізгі себебі – жем бағасының өсуімен байланысты, бұл өзіндік құнның 70%-ын құрайды. Сонымен қатар, импорттық шығын материалдары, соның ішінде қаптама ыдыстар қымбаттады.

Сүт пен сүт өнімдерінің қымбаттауы маусымдық сипатқа ие.

Сонымен қатар, биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сүт өндіруге 18,6 млрд теңге бағытталды. Аталған мемлекеттік қолдауды саланың 467 субъектісі, оның ішінде сүт-тауар фермалары мен ӘКК-лар пайдаланды.