×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

2024 жылы бізді қандай тосынсыйлар күтіп тұр - Ұлттық банк төрағасымен сұхбат

29.12.2023, 15:34
коллаж ulysmedia.kz

Кейінгі бірнеше жылда халықты толғандырған ең маңызды мәселенің бірі – қымбатшылық. Шенеуніктер инфляцияның төмендеп келе жатқанын қаншама баян етсе те, жұртшылықты бұл есептері жұбата қоймайды.  Азаматтардың көбі табыстың негізгі бөлігі тек азық-түлікке жұмсалатынын, көбірек несие ала бастағанын, ал үкімет бюджет шығынын Ұлттық қордан алып тастаумен және салықтардың өсуімен жабуға тырысады деп шағымданады. Осы ретте Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева қоғамд айтылатын осы және өзге де мәселелер жөнінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовпен сөйлесіп көрді.

Инфляция жеңілді ме?

– Былтыр ұлттық банктің, үкімет негізгі жұмысын инфляцияны ұстап тұруға бағыттады. Шенеуніктер бір есепті айтса, бағаның күнделікті қалай құбылатынын көрген қарапайым адамар басқаша айтады: баға ашытқы араласқан ұнша күмпиеді. 2023 жылы ұлттық банк пен үкіметтің инфляцияның өсуімен күресу жөніндегі жұмысын қалай бағалайсыз? Бұл жұмыста сіз өзіңізге қандай баға бересіз? Қазақстандықтар 2023 жылы жақсы өмір сүре бастады ма?

– Өз-өзіңе баға беру қашан да қиын, сондықтан біз барынша қарапайым болып, сандарға сүйене беруден бас тартуымыз керек. Көрсеткіштерге қарасаң аса жаман емес, егер біз жылды 20%-дық жоғары инфляциядан бастасақ, 10% деңгейінде аяқтағалы отырмыз. Дәлірек айтсақ, инфляция 10,3% деңгейінде – 2 еседен астам баяулады. Бұл ұлттық банктің, үкіметтің және басқа да органдардың тығыз жұмысының жақсы көрсеткіші. Біз әрдайым өңірлерде әкімдер жұмыс істеп жатұанын, қорғаныс және бәсекелестік жөніндегі агенттік нақты келісімдермен күресетінін, бұл бүкіл мемлекеттік аппарат жүргізіп жатқан кешенді жұмыс екенін ұмытпауымыз керек. Мұнда "сен мықтысың" деп біреуге медаль беру қиын, бәрі жақсы жұмыс істеді.

Егер тіпті әлеуметтік сауалнамаларға қарасаңыз, жалпы қандай тақырыптар талқыланып жатқанын көресіз: жылдың басында немесе былтыр жыл соңында инфляция ең бірінші мәселе болды. Қазір бұл сандар бойынша да, қазақстандықтар үшін маңыздылығы жағынан да екінші орынға шықты. Қазір бағаның тұрақты өсімі тұрғысынан біршама жеңілдеді. Мен өзім тұтынушы және қазақстандық ретінде бағаның 10% баяулағанын айта аламын. Жыл соңына дейін инфляция 10%-дан төмендейді деп үміттенеміз әрі болашақта кешенді жұмыс нәтижесінде біз оны жоспарымызға сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай 5%-ға дейін жеткізе аламыз. Келесі жылы біз инфляция 8% болады деп күтеміз, содан кейін тиісті шараларды қабылдауға тырысып, оны 2025 жылға қарай 5%-ға дейін төмендетуге тырысу керек. Бұл өсімге көмектесетін және қазақстандықтардың табыстары мен жинақтарын құнсыздандырмайтын үйлесімді деңгей.

– 2024 жыл қазақстандықтарды 2023 жылдың басындағыдай қымбатшылықпен қинамайды деп болжауға бола ма?

– Солай қатты үміттенем ( ... ) Меніңше, 2022 жылы көрші елдерде болған қиындықтар 2024 жылы болмайтын шығар. Экономика бейімделді, тасымалдардың жаңа жолдары табылды, логистиканы басқаша жасап жатырмыз, коммерциялық өзара қатынас реттелді – осы тұрғыдан алғанда үлкен сілкіністер бола қоймауы керек. Мен сондай-ақ үкіметтің жұмысын атап өткім келеді: сыртқы факторларға тәуелділікті азайту мақсатында қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құру жағынан үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Егер үкімет келесі жылға қоятын жоспарын толық іске асырса, әрине, біз өнеркәсіптік тауарларға, азық-түлікке тек азды-көпті тәуелсіз боламыз (…)

НАРЫҚ ҮШІН КҮРЕС НЕМЕСЕ РЕСЕЙ  ИМПОРТЫ ӨСІМІНІҢ ҚАУПІ

– Біз қазір ресейлік бизнестің Қазақстанға жарпай кіріп жатқанын көріп отырмыз, отандық бизнеске ресейлік бизнеспен бәсекелесу қиын. Осыған байланысты тәуекелдер бар деп есептейсіз бе?

– Қазақстан мен оның экономикалық жүйесі бар. Біздің жалпы ішкі өнімімізге сырттан біреу қосымша ақша әкеп жатса, демек ол ұлғая береді деген сөз. Менің ойымша, бұл ақшаның қайдан келгені маңызды емес, егер бұл ақша таза болса, қайдан келіп жатқаны расталса - жақсы-ақ. Сыртқы инвестициялар әрқашан өсім нүктелері болып саналады. Өсім өз кезегінде жұмыс орындары мен салықтарды құрайды. Бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік күшейеді, біз оны еңбек нарығында да сезінеміз: Ресейден көшіп келген және уақытша осында болған инженерлер, айтишниктер пайда болды. Бұл қалыпты жағдай. Бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Сен жалғыз тасымалдаушы болмайтын жағдайда өмір сүруіміз керек. Стратегиялық мәселелер бойынша шетелдік капиталдың қатысу үлесіне қараған абзал. Бұл мониторинг бар, оның тиісті органдар басқарады. Мен мұнда да алаңдайтын ештеңе жоқ деп айтар едім. 

Сыртқы инвестицияларды құптау керек.

ТЕҢГЕГЕ СЕНІМ: 2024 ЖЫЛЫ БАҒАМ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

– Келесі жылы ұлттық валюта бағамы қалай құбылуы ықтимал?

– Кейінгі 8 жылда ұлттық валюта бағамы бағаның жалпы деңгейіне қарағанда қалыпты – бұл жақсы көрсеткіш. Біз экономиканың, сауданың, баға тартымдылығының жұмыс істеуіне, қиындықсыз инвестициялауға мүмкіндік беретін осы тепе-теңдік бағытын таптық. Қиындықтарды күтудің қажеті жоқ, өйткені өзгермелі теңгенің қазіргі бағамы бұл күрделіліктерді жинамайды, нарыққа бейімделе жауап береді. 2022 жылы біздің экспорттық тасымалдарымыз бір жерде тұрып қалды, қайта бағытқа бейімделді, өйткені Ресей арқылы экспорт тоқтап қалды. Бағам бірден 500-ге кетті, бәрі тұрақталған кезде 450-ге дейін қайтты. Біз девальвация жасамадық.

Бұрын теңгерімсіз жағдайда адамдарға бағамнң 430 болғанын, енді 500 болатынын бірден хабарлайтын жағдай туындаған. Икемді бағамның қалыптасуына байланысты біз бейімделдік. Бағам 5% көтеріліп, 3% төмендеуі мүмкін, бірақ ол орта есеппен осы деңгейлерде қалады. 450-470 деңгейінде тұрғанына 4 жыл болды. Көпшілік болжағандай 500-ге кетпеді. Бағам осы диапазонда сақталады. Ол мықты, экономикамыздың дамуына мүмкіндік береді, сауда операцияларын жүзеге асыруға көмектеседі. Келесі жылы біз қиындықтар  болады деп болжамаймыз. Бағам шамамен қазіргідей болуы керек.

– САЛЫҚ ТҮСІМІ КӨБЕЙЕ МЕ?

– 2023 жылы бюджеттің кіріс бөлігі айқын проблемамен бетпе-бет келді: шығындар өсті, ал міндеттемелер бұрынғы деңгейде қалды. Ұлттық қордан трансферт ретінде қаражат әлі алынып жатыр. үкімет уәде еткенімен, алым азаймады, керісінше өсіп бара жатыр. Биыл Ұлттық қордан рекорд деңгейіндегі сома – 5,3 триллион теңгеге жуық қаражат алынды. Шамасы, үкімет бұл мәселенің шешімін салық өсімінен іздейтін секілді. Сіздің ойыңызша, үкімет аталған мәселені салық төлеушілердің қалтасы арқылы шешуге тырыса ма?

– Үкімет әрқашан өз мәселелерін салық төлеушінің қалтасы есебінен шешеді, өйткені оның басқа табысы жоқ. Салық төлеушілердің өздері де бөлінеді: ірі мұнай компаниялары, тау-кен компаниялары, банктер, шағын және орта бизнес, үй дүкендері бар, қысқасы сіз бен біздің бәріміз – салық төлеушілерміз. Өмірде екі нәрседен қаша алмайсың, оның бір өлім, екіншісі салықтар. ( ... ) Үкімет әрдайым салық жинайды. Бюджеттегі проблемалар биыл күшейе түсті. Шығын бөлігі тез өсіп келеді, ал кіріс жағы оған ілесе алмай жатыр.

Салық пен кеден әкімшілендіруімен үйлесімді түрде жұмыс істеу керек. ( ... ) Екінші, маңызды мәселе – салық жеңілдіктері. ( ... ) Өйткені бюджеттің мұндай шұрық-тесіктері көбейіп кетсе, салық жиналмайды. Бұл қозғалыс жүріп жатқанын, экономика бір орында тұрмайтынын, тек одан салық алынбайтынын көрсетеді. Әкімшілендіру мен салықтың көпі жеңілдігі бар. Салық кодексі аясында мен бұл мәселелерді үкіметтегі әріптестерім қайта қарайтынына сенімдімін әрі білем. Бұл ауыр болады. Қаншалықты ауыр болатынын тағы білмеймін, өйткені бұл жеңілдіктер қажет деп айтылады. Артықшылықтарға деген көзқарасты қайта қарау керек. ( ... ) Кейбір жеңілдіктер ескірген, енді белгіленген режимде жұмыс істесін.

Салық кодексі бойынша айтарым, менің ойымша, келесі жыл Салық кодексі белгісімен болады деп ойлаймын ( ... ) Мұнда біз сынақтан өтуіміз керек. Барды жоқтан ажыртатыр, кейбіреуге "жоқ" деп айтуға тура келеді. Егер олай жасалмаса, онда қосымша табыс алатын жер де жоқ. Онда сізге қосымша құн салығын, басқа да салықтарды көтеруге тура келеді (…)

Жалпы, жауапты өркениетті салық төлеушінің мәдениеті бизнес деңгейінде де, қарапайым адам деңгейінде де өте маңызды. Мен салық төлемей көлеңкеде жүре берем, басқалар төлесін деген болмайды. Сапалы инфрақұрылым, сыпайы полиция, жақсы мектеп бәрімізге қажет болса, салық төлеу мәдениетін үйренуіміз керек. 

– Шенеуніктер жемқорлықпен елді тонамаса, адамдар да салық төлей бастай ма дейммін. Адамдар салық ретінде төлеген ақшасы ауруханалар мен мектептерді салуға бөлінгенін көрсе, тиімді жұмсалғанына көзі жетсе дейсің…

ҰЛТТЫҚ ҚОР “РЕЗЕҢКЕ” ІСПЕТТІ

– Үкімет 2023 жылы Ұлттық қордан 5,3 триллион теңгені алДЫ. Сіз бұл тым көп деп ойламайсыз ба?

– Сұрақтың осылай қойылуымен келісем. Үйлесім қажет. Біз бұған дейін ең көп дегенде 4,8 триллион алдық. 2020 жылы бұл үлкен сома болды, бірақ қажеттілік те зор болған. Салық жинауға жауапты Қаржы министрлігі үшін бірдеңе деуім қиын. Мұнай бойынша жағдай нашар болды да, іс жүзінде басқа жол болған жоқ. Бірақ біз бұл ақшаны желге шашып, біреуге бере салған жоқпыз. "ҚазМұнайГаз"акцияларына салдық. Бұл біздің еліміздің басты және ең ірі компаниясы. Ол биржаға да шықты, бұл ең жақсы шешім емес шығар, бәрі жақсы, керемет дегім келмейді. Бұл күрделі әрі қиын шешім болды, бірақ экономикалық тұрғыдан логикасы бар.

БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙ МЕ

– Сіз ұлттық банкке келгелі базалық мөлшерлемені төмендету үрдісі байқалды. Бұл тенденция 2024 жылы да жалғасуы мүмкін бе?

– Ұлттық банктің кез келген төрағасының миссиясы – сыртқы және ішкі жағдайларды ескере отырып, теңгерімді ақша-кредит саясатын жүргізу. Инфляция болған кезде мөлшерлемені төмендету мүмкін емес, бірақ бұл теңдестірілмеген, сауатсыз әрі тиімсіз қадам болып шығады. 

Менің міндетім мен функционалым - шындыққа сәйкес келетін ақша-несие саясатын жүргізу. Негізгі құрал – базалық мөлшерлеме. Бұл инфляция деңгейіне өте тәуелді. Бізде ол шектен тыс болды - ақпан айында 21% және 17,65% болды. Ставка жоғары болғандықтан, үкімет пен әкімдіктер жұмыс істеді. Инфляция қазіргі деңгейге дейін төмендеді. 10,8%, қазір 10,3%, жыл соңына дейін 10% - дан аз болады деп үміттенеміз. Бұл бізге реттеуші ретінде ставканы төмендетуге мүмкіндік береді. Егер 1-2 қаңтарда біз мұндай нәтижені көрсек, онда ставканы төмендетуге көбірек негіз болады. 

19 қаңтарда инфляциялық күтулер бойынша ақпарат болады, ол оң сипатта болады деп үміттенейік. Тепе-теңдік қажет, ставканы төмендету қиын емес, бірақ оның салдарын болжау мүмкін емес. Біз бірінші рет жоғары инфляцияны ұмыта бастадық. Егер біз асығыс шешімдер қабылдасақ инфляция қайтадан көтеріледі. Олар инфляцияны тиісті деңгейде бекітпеді, асығыс болды, бұл жағдайды болдырмау керек. Инфляцияны тежеу өте қиын.

НЕСИЕ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЙДІ

– Несиені халық көп алады. Наразылықы та бар. Несие алу мөлшерін төмендетуге бола ма? Қалай ойлайсыз?

– Несиені халық көп алады. Наразылықы та бар. Несие алу мөлшерін төмендетуге бола ма? Қалай ойлайсыз?

- Менің ойымша, бізде несие алу жағынан өте алаңдатарлық жағдай жоқ. Иә, бізде берілетін несие көп. Халық алатын несиені айтар болсақ, ұзақ мерзімді несиелер бар. Ипотека бар. Жалпы несиелер өмір сүру сапасын жақсартады, оларды алғашқы жарнасы бар адамдар алады, банк кіріс көздерін тексереді, бұл жақсы-ақ. Әлемде халықтың несие деңгейі одан да жоғары. Халықтың жалпы несиесінің 30% ипотека саналатын елдер бар. Мен олардан ешқандай проблема көрмеймін. Несиелердің 60% - ы қысқа мерзімді, оларды мұқият қарау керек, әсіресе қарыздық жүктеме коэффициенті жоғары адамдарға қатысты. ( ... ) Біз бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Қарыз жүктемесінің коэффициентін төмендететін боламыз. Егер сіз 200-250 мың айлық алсаңыз, қарызға 100 мыңнан астам ақша жұмсай алмайсыз, егер көп болса, қарыздың жиналуын болдырмау үшін сізге несие бермеген абзал. Мемлекеттік аппарат пен қоғам бұған уақытында назар аударды, біз несиелендіруге жол бермеу үшін қадамдар жасаймыз.

( ... ) Біз сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша жұмыс істейміз. Осындай курстар болғанын және мектеп жасынан бастап адамдар несиенің не екенін және оның салдарын түсінгенін қалаймыз.

( ... ) Халықтың табысын арттыру бойынша жұмыс істеу керек. Біз адамдарға лайықты жалақы төлеуіміз керек, содан олар несие алуға мәжбүр болмайды.

– Кепілсіз несиелер бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесін 56-дан 44% дейін төмендету мәселелері бойынша сіздің ұстанымыңыз қандай?

– Оны қазір біз емес, қазір заңнамамен белгіленеді. Сұрағыңызға жауабым: ол бір кездері 56% болған, қалай есептелгенін білмеймін, қазір ол 44% деңгейінде болуы керек деп есептеймін. Менің ойымша, нарығымыз бір орында тұрмай, дамуы үшін бұл жеткілікті. Сондықтан деңгей ставкалар төмен түсуі керек, ол әрқашан жоғары көтерілмеуі керек, біз бұл шешімді қолдаймыз.

– 2024 жылы төмендейді деп күтуге бола ма?

– Менің ойымша, бәрі соған келе жатыр. Ұлттық банк бастама көтерсе, біз қолдауға дайынбыз.

БАНК СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖАҢА ОЙЫНШЫЛАР

– Президент шетелдің жаңа үш банкін кіргізуді тапсырды. Олардың Қазақстан нарығына келуі экономиканы қалай жандандыра алады? Одан билік қандай үміт артады? Бұл шетелдік банктер ресейлік бола ма?

– ( ... ) Банк секторын шоғырландыру басталған кезде бізде 37 банк болған. Бұл 2015-2016 жыл ғана еді. Қазір 21 банк, 16 банк кетті. Бүкіл банк жүйесінің пайда болуын анықтайтын - 12 тірі банк мүлде аз. Біз бұл жеткіліксіз деп санаймыз.

Ресейлік банктер қазақстандық нарыққа кіре бастаған уақыт 2010 жылдың соңы еді. Сбербанк, ВТБ, Альфа-банк - олар келіп, бәсекелестікке әсер етті. Сбербанк елдегі № 2 банкке айналды, барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысты, күшті бәсекелестік орнатты. Бұл экономика үшін жақсы болды, бәсеке қызды. Мұндай ірі банктерді тарту қиын, бірақ біз тартуға тырысамыз. Біз Кореяға, Қытайға, Таяу Шығысқа да қарағымыз келеді, онда көптеген банктер бар, олар Қазақстанның не екенін, қалыпты саяси қатынастарды азды-көпті түсінеді, сондықтан сол жерде қарайтын боламыз. ( ... ) 

Біз "мынау келмейді" деп ешкімді жоққа шығармаймыз, корей банктерімен келіссөздер жүріп жатыр. Реттеушілермен де, банктердің өздерімен де сөйлесеміз. Ресейліктерге келер болсақ, егер олар Қазақстан аумағына қайта оралғысы келсе, бұл бірдей инвестиция - құпталады. Олардың мүдделері болмайды, олардың көпшілігі санкциялармен, банктердің едәуір бөлігі Ресей Федерациясында жұмыс істеуге шоғырланған, енді олардың басқа нарықтарға шығуға ниеті жоқ.

КӘРІЛІККЕ АҚША ЖИНАЛА МА

– Ұлттық банк - БЖЗҚ-ның бас кураторы. Қазір "БЖЗҚ-ны реформалау керек, оның жүйесі ескірген" деген әңгімелер жиі айтылыдаы. Қор жұмысына қандай да бір өзгеріс енгізіле ме?

– 2014 жылы қандай да бір себептермен бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешім қабылданды. Ол осы формада 2014 жылдан бастап жұмыс істеді. Инфляция жинақталып, ақша жоғалмады, бірақ айтарлықтай көбеймеді де. Бұл да жақсы емес, бәсекелестік қажет. Мемлекет басшысы былтырғы жолдауында жеке басқарушы зейнетақы қорларына қазақстандықтың өзі таңдаған зейнетақы жинақтарын басқаруға рұқсат беруді тапсырды. БЖЗҚ-ға үзінді көшірме алып, зейнетақы жинағының жартысына дейін jusaninvest, halykinvest-ке бергім келетінін айта аласыз. Өйткені ұлттық банк пен БЖЗҚ 10% табыс тапса, олар 15% табыс таба алады. Сіз шарттарды таңдап, инвестициялық декларацияны оқи аласыз. Олар жоғары технологиялық компанияларға инвестиция салады, онда табыс 11%, мүмкін 25% болуы мүмкін, бұл сіздің таңдауыңыз. Мен бұл мүмкіндікті зерттеуге шақырамын. ( ... ) Зейнетақы жинақтарынан ақша табуға болады, бұл жүзеге асырылған бір үлкен реформа.

– Ал егер бұл жеке қорлар қандай да бір жолмен банкротқа ұшыраса не болмақ?

– Олар бұған кепілдік береді. Неліктен біз 100%, 50%-ға дейін рұқсат бермейміз, онда өте қатаң талаптар бар. Тек кейбір компанияны тіркеу мүмкін емес, бұл капиталға қойылатын талаптар, олардың қызметіне толық бақылау бар.

ҰЛТТЫҚ ҚОР БАЛАЛАРҒА

– Сіз 5 баланың әкесісіз. Ұлттық қор 1 қаңтардан бастап балалардың шоттарына ақша аудара бастайды. Техникалық тұрғыдан бәрі дайын ба? Жобаның операторы кім? Оны жүзеге асыруға кім жауапты?

– Мен бұл бастаманы құптаймын, бұл барлық қазақстандықтардың ұлттық қормен байланысы іспетті. Бұрын бұл алыс болып көрінген, ал қазір біз Ұлттық қордың шынымен ұлттық екенін түсінеміз. Бұл мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы тұрғысынан дұрыс бастама болды. 18 жасқа толған баланың ақшасы болса, бұл өте жақсы. Дайындық тұрғысынан бұл техникалық ( ... ) Ақша жеке шоттарға аударылады. Шот әр балаға ашылады. Бала туғаннан кейін қызметтерді орнатамыз, ол тек туу туралы куәлік, жәрдемақы алып қана қоймай, АХАЖ-дан мәліметтер автоматты түрде келіп түсуі үшін шот автоматты түрде ашылады. Біз бұл қызметті келесі жылы аяқтаймыз.

– Ал ата-аналар қазір шот ашуы керек пе?

– Ақша аударылмайды, олар БЖЗҚ шотында болады. Барлық балаларға арналған шот автоматты түрде ашылады, ешкімге банкке барудың қажеті жоқ. Ақшаны тек 18 жасында алады, сол жерде банкте шот ашу қажет болады. Содан кейін біз Ұлттық қордан БЖЗҚ арқылы нақты шотқа аударамыз, ол келіп, ақша алады. Бірақ 18 жасқа дейін физикалық ақша емес, есептеу болады. Техникалық тұрғыдан біз дайынбыз және ешқандай проблема болмайды деп ойлаймыз.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының YouTube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары