×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Гарвард түлегі төмен жалақыға қарамастан мемлекеттік қызметке баруға дайын

Бүгін, 17:30
Гарвард түлегі төмен жалақыға қарамастан мемлекеттік қызметке баруға дайын
Ulysmedia.kz коллажы

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваның сұрағына жауап берген Талғат Қабдығали осылай дейді. Саясаттанушы сондай-ақ қазақстандық саясатқа жаңа адамдардың келуі жөнінде өз пікірін айтты.

– Мемлекеттік қызметке баруға дайынсыз ба?

– Иә, дайынмын. Айлығы аз болса да, бастысы, не үшін бара жатқаныңды білу. Қазір АҚШ-тағы The Heritage Foundation қорында тағылымдамадан өтіп жатырмын. Бұл – нақты тәртіппен жұмыс істейтін орталық. Яғни дресс-код, дедлайн, терең талдау дегенлдей. Сағатына 18 доллар төлейді. Бірақ ең маңыздысы – тәжірибе мен ойлау мәдениетіңді ұштайсың.

– Жаңа адамдардың саясатқа келуіне не кедергі?

– Жабық жүйе. Қолдау институттары жоқ, тәлімгерлік жоқ. Талантты жастар көтерілмейді, оларды көтермелемейді. Ал шын мәніндегі кадрлардың жаңаруы үшін тәлімгерлік қажет. Harvard Kennedy School қабырғасында Джейк Салливан бұл ұғымды үш рет қайталап айтқан. Яғни, mentorship, mentorship, mentorship деп. Бұл – жүйені өзгертудің кілті.

– Бірақ бізде 30 жыл бойы тәлімгер рөлін Назарбаев атқарды ғой. Нәтижесі қандай болғаны бәріне белгілі…

– Иә, тек тәлімгердің болуы емес, оның сапасы да маңызды. Кейде тәлімгер зиянды болуы да мүмкін. Кімді тыңдап, кімнен үйрену керек екенін ажырата білу қажет.

– Сіз батыл жазасыз. Карьерадан айырылып қаламын деп қорықпайсыз ба?

– Жоқ. Үнсіздік түбі жақсылыққа апармайды. Егер бәріміз бірдей қорқатын болсақ, ештеңе өзгермейді. Ал конструктивті сын – бұл қалыпты, қажетті құбылыс.

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көруге болады.

Серіктес жаңалықтары