×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Түркия халқына қалай көмектесуге болады

07.02.2023, 16:21
Түркия халқына қалай көмектесуге болады
Фото: Ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияға көмек бергісі келетіндер қайда хабарласуға болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ол кісілерге айтарымыз: аталған мәселе бойынша Түркияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан жөн болады. Олар бұл жұмысты ұйымдастырып жатыр», - дейді ол.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі Кахраманмараш, Газиантеп, Османие, Диярбакыр, Шанлыурфа провинцияларында орын алған. Әр түрлі мәлімет бойынша 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңнан астам адам жарақат алды. Табиғи апат 13,5 миллион тұрғыны бар 10 провинцияға кері әсерін тигізді. Өкінішке орай, зардап шеккендердің саны сағат сайын өсіп келеді.

Сирияда кем дегенде 1 500 адам қайтыс болды. Алеппо, Идлиб, Латакия және Хама провинцияларында көптеген адам қираған ғимараттардың астында қалуда.

Айта кететін жайт, Түркиядағы дипломаттарымыз Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста. Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде ҚР азаматтары жоқ. Сонымен қатар, көптеген қираған ғимараттардың астынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Жалпы, бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр (Анкара – 498, Ыстанбұл – 45, Анталия – 189). Оған қоса, соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алуда. Жалпы, түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 75 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін”, – дейді ол.

Жоғарыда айтылғанға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде +7 (7172) 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарланды. Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа, жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары қосымша жарияланады.

“Барлық келіп түскен ақпарат міндетті түрде қосымша тексеріледі. Жер сілкінісі аймақтарындағы гуманитарлық апатты ескере отырып, іздеу-құтқару жұмыстары біраз уақыт алады. Түркиядағы азаматтарымыз туралы қандай да бір ақпараты болса немесе туыстары байланысқа шықпаса, дереу Сыртқы істер министрлігіне жоғарыда көрсетілген нөмірге немесе Түркиядағы дипломаттарымызға хабарлауды сұраймыз”, – дейді Айбек Смадияров.