Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Өзбекстан соғыста кімді қолдайды?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Сіздер біліңіздер, заман өте өзгермелі. Қазір үлкен-үлкен мемлекеттегілер «Өзбекстан өзі кім жақта» деп сұрап жатыр. Болды осы да жетер, бейтарап болып жүргеніміз артық. Мына жаққа немесе анау жаққа өт деп, өздері де өкілдері де келіп қадап айтып жатыр. Біздің Өзбекстан Орта Азия бойынша халық саны 36 миллион болды. Үш-төрт жылда үлкен мемлекет болады, 40 миллионға жетеміз. Кім жақсың деп жатыр? Осы ауыр сұраққа қалай жауап берсек болады? Жауап біреу ғана: бір жақпын. Елім, халқым, Ұлы Өзбекстанымның беделі үшін өлуге де дайынмын деп жауап беремін», - дейді Мирзиеев.