×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Апелляциялық сот Махамбет Әбжанға шыққан 9 жыл үкімді күшінде қалдырды

24.03.2023, 12:05
Апелляциялық сот Махамбет Әбжанға шыққан 9 жыл үкімді күшінде қалдырды
Фото М.Әбжан ұсталған кезде түсірілген

Астана сотының баспасөз қызметі апелляциялық сот «қасақана жалған ақпарат таратып, бопсалады» деп айыпталған журналист Махамбет Әбжанның үкімін өзгеріссіз қалдырғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сот шешімі 3 ақпанда жарияланған. Әбжан кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Судья журналистің әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылғанын айтты.

«Бұл үкіммен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары апелляциялық тәртіпте сот актісіне шағымданып, Әбжанды ақтауды сұрады. Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді», - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Махамбет Әбжан – қазақстандық журналист. Ол 2022 жылы 3 шілдеде ұсталып, 5 шілдеде қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналиске Рашит Махаттан 50 миллион теңге бопсалады деп айып тақты.

Махамбет Әбжанның соңына дейін өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Тіпті тергеу тарапынан қысым болғанын бірнеше рет мәлімдеген.