×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шыққан – олардың біреуі ұсталды

27.03.2023, 09:50
Фото Корея жаңалықтары парақшасынан

Бұл жөнінде Ulysmedia.kz тілшісі «Корея Жаңалықтары» инстаграм парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады.

Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

«Оқиғанын қалай болғанын Умижан бізге айтып берді. Бұл туралы кейінрек ақпарат беретін боламыз (жалпы кино бұл жағы)», - делінген парақшада.

Ал екіншісі әлі қашып жүр.

Инчхон халықаралық әуежайының полиция департаменті мен Инчхон халықаралық әуежайының иммиграциялық кеңсесінің 26-сы күні хабарлауынша, сол күні таңғы сағат 4:20 шамасында қазақстандық А (21) мен В (18) сыртқы қоршаудан асып, әуежайдан шыққан. Инчхондағы Джунг-гу қаласындағы Инчхон халықаралық әуежайының төртінші ұшу-қону жолағының солтүстік бөлігі жағынан қашып кеткен.

«А. мырза мен басқаларына 24-і күні таңертең әуежайдан өтуге тыйым салынды. Олар Инчхон халықаралық әуежайының 2-терминалының жөнелтуді күту залында репатриация рейсін күтіп тұрғаны анықталды. Алайда олар автобус қақпасының терезесін сындырып, терминалдың 1-ші қабатына көтеріліп, ұшу-қону жолағы аймағына шықты. Олар өзге қазақстандықтармен бірге Инчхон халықаралық әуежайы арқылы елге кірмек болған, бірақ елге кіргізбей қойғаны хабарланды», - деп хабарланады парақшада.

Инчхон әуежайының сыртындағы қоршаудың периметрі бойынша қабырғаға тікенді сым орнатылған, инфрақызыл бақылау жабдықтары мен қауіпсіздік сенсорлары сияқты жетілдірілген қауіпсіздік жүйелері жұмыс істейді, бірақ қазақстандықтар сонда да қашып шыққан.

Инчхон халықаралық әуежай корпорациясынан «басқыншылықты анықтау жүйесінде әдеттен тыс сигнал анықталды» деген хабарламаны алғаннан кейін полиция А мырзаның және басқалардың қашып кеткенін растау үшін оқиға орнына жөнелтілген.

«Егер Корея полициясы ұстайтын болса олар 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Корея түрмесін қазақстандықтармен толтырмай, маған байланысқа шықсын көмек берем. +8210 43589773 ватсап (тек осы іс бойынша жазыңыздар байланыста 24 сағат боламыз) Ескерту Нурсултан сенің тағы 7 сағат уақытың қалды, байланысқа шығыңыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары